Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі іс - шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2026 жылғы 10 сәуірде Қарасу ауданы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының өкілі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы іс - қимылға қатысты профилактикалық әңгіме өткізді.
Әңгіме мақсаты:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл мәселесі және оның алдын алу әдістері туралы білім алушылармен әңгіме жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы сенім қалыптастыру;
- білім алушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу және құқықтық мәдениетін арттыру;
- белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.
Профилактикалық әңгіме барысында әкімшілік, сондай - ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.